Атырау, 16 тамыз 07:44
Таңертең ашық+28, күндіз +32
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 361.66  € 409.51  P 5.41

​Алматы облысында көз жұмған науқаста менингит расталмады

13 маусым 11:56


Алматы облысында ауруханада көз жұмған науқаста «менингит» диагнозы расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұдан бұрын жыл басынан бері республикада 13 өлім болғаны мәлімделген еді. 13 маусым сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, зертханалық зерттеулер нәтижесінде Алматы облысында  қайтыс болған бір адамда менингококк инфекциясы расталмады», - делінген хабарламада. 

Ведомстводан мәлім еткендей, Қазақстанда 2018 жылдың басынан менингококк инфекциясының 59 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 21 жағдай анықталып, оның 12-сі өліммен аяқталды (Алматы қаласында - 6 жағдай, Алматы облысында - 3 жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 жағдай және Қызылорда облысында - 1 жағдай). «Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр», - делінген таратылған ақпаратта. 

Аурудың алғашқы симптомдары (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде дереу дәрігерлерге жүгініп, нұсқауларды мұқият орындау қажет. Әртүрлі көпшілік мәдени шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда, ойын-сауық орталықтарына баруды шектеп, жеке гигиенаны сақтау керек. Жұмыс орындарында бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізіп отырған абзал. 

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет. Тоңу, ашығу, ұйқының қанбауы секілді жайларды болдырмауға тырысу керек. Аурып ем іздегеннен, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл екендігін есте сақтаған жөн.  

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

204 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Министрлік: Менингит құрбандары саны 13 адамға жетті  292 рет қаралды

Астанада көз жұмған 4 жас ана сəбилерінің жағдайы белгілі болды   115 рет қаралды

​Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті ұсталды  132 рет қаралды

​7 жасар бала тауда жоғалған түні көз жұмған   183 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6