Атырау, 9 мамыр 15:29
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырады

1 774 просмотра


Қазақстандық кәсіпкер Мәскеудегі пәтерінде үй қамақта отыр. Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні Қазақстан халықаралық іздеу жариялап, Ресейде ұсталған "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алуға қарсы шағымды қарастырады.

Сот отырысы Мәскеу уақыты бойынша 14:50-де (17:50 аст), деп хабарлады сот РИА Новости агенттігіне.

Мәскеу соты 11 мамырда кәсіпкерді тергеу абақтысына қамауға алудан бас тартып, Мәскеудегі пәтеріне үй қамаққа жіберген еді.

Ертаевтың қорғаушылары оны қамауға алмауды өтініп, кәсіпкердің Ресейдегі босқын статусын алуға арыз жазғанын, өйткені Қазақстанда қастандық жасала ма деп қорқатынын хабарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағалиев бұдан бұрын айтқандай, Ертаев РБК банкінен ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінген және оған қатысты қазақстандық тарап Ресей құқық қорғау органдарымен бірге экстрадиция мәселесімен айналысып жатыр.

Ертаевқа қатысты іс биыл наурызда ҚР ҚК 177-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша қозғалды, бір аптадан кейін кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресей құқық қорғау органдары Ертаевты 8 мамырда "Москва-Сити" бизнес орталығы жанынан ұстады.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 маусым 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.