Атырау, 19 сәуір 09:16
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Нұрсұлтан Назарбаев: Өн бойымда не бар - бәрін де өзім таптым

Бейнежазба
1 886 просмотра


Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан видео үзінді жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Видеода Мемлекет басшысы білімді әрі ізденімпаз болу адамға қаншалықты маңызды екенін атап өтеді. 

«Шалғай ауылдан шыққан жас жігіттің, яғни менің әкем тек газет оқуды білетін. Ал бірақ ол жаза білген жоқ. Шешем тіпті жаза да, оқи да алмайтын. Олардың арнайы білімі жоқ еді.

«Анда бар, немесе мұнда барып оқы» дейтіндей туғандарымның бірінде де жоғары білім болған жоқ. Ешкімде де жоқ еді. Бойымда не бар - бәрін де өзім таптым, іздедім, дамыттым», - дейді Президент жастық шағын еске ала отырып. 

Аталмыш видео Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 2016 жылғы архивінен алынған.  



Дереккөз: inform.kz

12 маусым 2018, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.