Атырау, 12 қаңтар 18:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Әскерилендірілген апат-құтқару қызметінің бұрынғы бас директоры 7 жылға сотталды

2 194 рет қаралды


Әскери апат-құтқару қызметінің бұрынғы бас директоры 7 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті елордалық соттың баспасөз қызметі растады.

"Кәсіби әскерилендірілген апат-құтқару қызметінің" бұрынғы басшысы Болат Халыққа қатысты сот үкімін 11 маусымда Алматының №2 соты шығарды. 

"Болат Халық ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4,5-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), 366-баптың 3-бөлігі, 1,4 тармағы ("Пара алу") бойынша айыпты деп танылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің ("Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау") негізінде ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, Болат Халықтың өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылғаны айтылады. 

Еске сала кетейік, Болат Халық 2017 жылдың мамыр айында 70 мың доллар пара алу кезінде ұсталған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 маусым 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.