Атырау, 29 наурыз 00:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Алматы Халықаралық әуежайына жаңа президент тағайындалды

2 040 просмотра


Алматы Халықаралық әуежайына жаңа президент тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.  

"2018 жылдың 12 маусымынан бастап "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ Президенті қызметіне Ержанов Болат Қалиұлы келді, ол мұның алдында "Алматы Халықаралық әуежайы" АҚ Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі Атқарушы директор қызметін атқарған", - делінген хабарламада. 

Мұның алдында 2018 жылдың 11 маусымында "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ Директорлар Кеңесінің "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ Президенті А.А.Бекмұхамбетовтың өз қалауымен қызметтен кету туралы арызына байланысты қызметін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.  

Айбол Бекмұхамедов әуежайды 2009 жылдан бері басқарып келген.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 маусым 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.