Атырау, 18 сәуір 14:23
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

1 589 просмотра


Айтуынша, қазір құқық қорғау органдары бұл топтарды анықтаумен айналысып жатыр. Әлеуметтік желілерде балаларды өзін-өзі қол жұмсауға шақыратын топтар пайда бола бастады. Бұл туралы бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Омбудсмен ата-аналарды барынша мұқият болып, қауіпті топтар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды. 

"Интернетке баса назар аударуды өтінемін. Маған "ВКонтакте" желісінде балаларды суицидке шақыратын топтар пайда бола бастағаны туралы үрейлі хабарламалар келіп жатыр. Құқық қорғау органдары қазір бұл мәселемен айналысуда, мен де бақылап отырмын. Алайда мұндай топтарды анықтау мен бұғаттау біраз уақыт алуы мүмкін. Сондықтан мен сіздерден көмек сұраймын: егер осындай топ туралы естіп-білсеңіз, бірден құзырлы органдарға хабар беріңіз", —деп жазды Балиева фейсбуктегі парақшасында

Ол бірнеше жасөспірімнің өмірін қиған "Көк кит" тобын еске салды.

"Балаларға осындай қауіпті топтар барын айтып түсіндіріңіздер. Егер оларды интернетте әлдекім қорқытатын болса, олар, ең алдымен, сіздерге хабар беруі керек. ТМД елдерінде бірнеше баланың өмірін қиған "Көк кит" тобын мысалға келтіріңіздер. Топ ұйымдастырушылары бұл балаларды егер олар өзіне қол жұмсамаса, отбасын өлтіреміз деп қорқытқан. Топ ұйымдастырушысы қолға түсті, ол жасөпірім болып шыққан. Ол үшін бұл жай ғана ойын болған", — деді бала құқығы жөніндегі уәкіл. 

Балалар омбудсмені қазір байланыс операторлары "ата-ана бақылауы" қызметін ұсынып отырғанын атап өтті. 

"Оны пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыздар", — деп кеңес берді ол ата-аналарға.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 маусым 2018, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.