Атырау, 4 мамыр 08:55
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Абайдың қара сөзі қытайлықтардың нақылына айналды - Нұрсұлтан Назарбаев

2 321 просмотра


Абайдың 37-ші қара сөзі қытайлықтардың арасында нақылға айналды. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Кездесу барысында Си Цзиньпиннің  «Бірінші толқын ағалар, екінші толқын інілер, бірге жүріп өлінер, баяғыдай көрінер» деген Абайдың 37-ші қара сөзін қытайша айтып отырғаны біз үшін, әрине, жанымызға жағады. Бұл Абай бабамыздың халықаралық қатынасқа да өз әсерін тигізгенін білдіреді. Абайды білгеннен кейін біздің халқымызды білу деген сөз. Мен де бұл кісілермен сөйлескен кезде Конфуцийдің сөздерін мысалға келтіріп отырамын. Қазір біз тұрған жер Конфуцийдің ауылы, осыдан 100 шақырым жерде туған дейді. Дипломатиялық жағдайларда бір-бірімізге жақсы сөз айту үшін ондай болып тұрады. Осы сапарымда да «Композитор» деген кинофильм түсіріп алып келдік. Фильмнің арнайы көрсетіліміне кинода ойнаған әртістер мен режиссерлер келді. Бұндай шаралар екі елдің арасын жақындатады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы Қазақстан арқылы өтетін «Жібек жолы» Қытай мен Еуропаны жалғап, сол арқылы Қытаймен қарым-қатынасымыз ғасырлар бойы болғанын айтты.

«Қазір де 14 мың қазақстандық жас Қытайда білім алып жатыр. Елшіліктің мәліметі бойынша оданда көп болуы мүмкін. Мен кеше бір топ жастармен кездестім. Қытай тілін оқуға олардың ынтасы зор. Болашақта Қазақстанда жұмыс жасайтын Қытай компанияларында қызмет етуі үшін өзіміздің мамандар, тілмаштар қажет. Оларда екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыратын болады. Сонымен қатар Си Цзиньпин Абайдың осы сөзі қытай халқының арасына кеңінен тарап, нақылға айналды деп айтты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: inform.kz

11 маусым 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.