Атырау, 3 мамыр 11:44
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақстан Ресейдің бес компаниясының өнімдеріне тыйым салды

2 140 просмотра


Құстың етінен сальмонелла, ал шұжықтардан шошқа ДНҚ-сы табылыпты. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бес ресейлік компанияның өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тыйым сальмонелла қаупіне байланысты енгізілген. Бес экспорттаушының өнімдерінен бактериялар мен сальмонелла табылған.

Уақытша эмбаргоға ұшыраған кәсіпорындар: "Брянский бройлер" ЖШҚ, "Инжавинская птицефабрика" АҚ, "Приосколье" ЖАҚ, "Чебаркульская птица" ЖШҚ. 

Сонымен бірге "Царицыно" және "Чесночек" компанияларының шұжықтарынан шошқа ДНҚ-сы табылыпты.

"Аталған кемшіліктерді жою мақсатында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі импорттаушы елдің қадағалау органдарына тиісті сауал жолдады", — деп хабарлады ведомство.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 маусым 2018, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.