Атырау, 3 мамыр 16:31
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 40 құжатқа қол қойылды

2 164 просмотра


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында қытайлық бизнес капитандарымен кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қытай Халық Республикасы Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық серіктес саналады. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас достыққа, өзара сенімге негізделген. Қытай біздің сауда-саттығымыз бен өзара инвестициямызда  маңызды орынға ие», - деді Елбасы. 

Қазақстан Президенті бүгінде Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен экономиканың мұнай-газ, химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп сынды түрлі салаларында 1200-ден астам кәсіпорын, сонымен қатар қытайлық ірі үш банк табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. 

«Бүгін маған баян еткендей, Іскерлік кеңестің отырысы өтті. Оның жұмысына екі тараптан 300-ден астам бизнес өкілдері қатысты. 13 млрд доллардан астам сомаға  шамамен 40 құжатқа қол қойылды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Нәтижесінде бірнеше құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен, ҚР Президенті Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Бүгін, 8 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүлдестесін қою шарасына қатысты.  Ал 10 маусым күні ҚР Президенті  Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

Дереккөз: inform.kz

8 маусым 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.