Атырау, 22 желтоқсан 21:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Қазақстан ықпалды өңірлік держава - Қытай Төрағасы

2 182 рет қаралды


Қазақстан ықпалды өңірлік держава. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап жоғары деңгейдегі байланыстар орнап, саяси өзара сенім нығая түсуде. Сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық та тиімді жүзеге асырылып, халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл да жанданып отыр», - деді кездесу барысында Си Цзиньпин. 

Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты жандандыруға баса назар аударатындығын атап өтті. 

«Қазақстан біздің маңызды көршіміз, сондай-ақ ықпалды өңірлік держава. Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз достас көршілер арасындағы қатынастың үлгісіне айналып отыр. Біз Қазақстанмен адамзаттың ортақ тағдырын құру жолында алға қарай бірге ілгерілеуге дайынбыз», - деді ҚХР Төрағасы. 

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында 10 маусым күні Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

Дереккөз: inform.kz

7 маусым 2018, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.