
Менингококк инфекциясын жұқтырудың шыңырауы артта қалды және сейіліп келеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде науқастану сейіліп келеді. 17-апта үдеген кезі болатын, жалпылай республика бойынша бір аптада ғана 13 жағдай тіркелген. Үдемелі кезеңнен өттік және бүгінгі таңда Алматыда төрт тәулікте вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмегені қуантады. Менингитке шалдыққан 14 адам жазылып шықты, бұл объектив сандар науқастанудың сейіліп келе жатқандығын көрсетеді", - дейді Бекшин ОКҚ-да өткен брифинг барысында.
Ол ел бойынша 24 адам әлі де емделіп жатқанын айта кетті, оның ішінде 12 адам Алматыда.
"Үш бала әлі де жансақтау бөлімінде - Алматы облысы және Астанада. Алматыда менингитпен жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда өз еркімен 360 адам екпе салдырды", - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, комитет басшысы call-орталықтардың жұмысы жайлы да айта кетті. Оның сөзінше, алдын алуға қатысты алғашқы тәуліке ғана 4,5 мың сұрақ айтылған, екі күнде 8 мың. Қазірде Қазақстан бойынша биыл 13 адамның менингококк инфекциясынан 13 адамның көз жұмғаны расталып отыр.
Дереккөз: tengrinews.kz
В Атырау 0