Елімізде екі министрлікке вице-министрлер тағайындалды, деп хабарлайды Today.kzprimeministr.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы вице-министрі болып Руслан Еңсебаев тағайындалды.

Ол 1981 жылы Ақмола облысындағы Степняк ауылында дүниеге келген. 2005 жылы басқарма институтын, 2013 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін тамамдады.
Еңсебаев қызмет жолын 2001 жылы "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығында" алдыңғы қатарлы маман болып бастады.
"Ұлттық ақпараттық технология", "Қазақтелеком", "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамында басшылық қызметтер атқарды.
Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне бүгіннен бастап Олжас Әбішев кірісті.

Ол 1983 жылы Қызылордада дүниеге келген. 2004 жылы Қызыорда Ұлттық университетін бітіріп шыққан. Ал 2005 жылы Әулие Ата университетінің түлегі атанса, 2006-2010 аралығында Оңтүстік Кореядағы инженерлік колледжінде білім алды.
Әбішев еңбек жолын 2000 жылы бастады. Әр жылдары "Қазгромаоркетинг", "Ұлттықь медицина холдингі", "Қазақстан Ғарыш Сапары", "Ұллық ақпараттық технология" ақционерлік қоғамында қызмет етті.
Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығында" бас директор болып еңбек еткен.
Дереккөз: today.kz
В Атырау 0