Атырау, 22 желтоқсан 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы қызмет офицері парамен ұсталды

3 137 рет қаралды


Офицердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлаған. Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы қызмет офицері миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"4 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ерекше маңызды істер бойынша офицері парамен ұсталды", — делінген хабарламада.

Қызметкердің пара сұрағаны туралы шетелдік кәсіпкер хабарлап, жедел іздеу шаралары басталған.

Офицер бизнесменді қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін миллион теңге пара алған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

7 маусым 2018, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.