Атырау, 16 сәуір 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

2 802 просмотра

ЗІЛТЕМІР


Атырауда БЖСМ-1 спорт залында ауыр атлетикадан жасөспірім ұлдар арасында облыстық чемпионат өтті.

Өз салмақ дәрежелерінде Олег Фофонов, Илья Вяхерев, Жаңбырбай Ардан, Дәулет Әлімбердиев, Валерий Мазуренко, Бектұрған Олжас, Камал Есет, Айдана Сырымова, Никита Ефремов, Ерлан Қуанышев және Бағыт Әлішер чемпион атанды. Сайыстар қорытындысы бойынша маусым айында Қостанайда өтетін ел чемпионатына қатысу үшін облыс құрамасы құрылды.


КАРАТЭ

Софияда каратэден Жастар лигасының кезеңі аяқталды. Жеңімпаздардың бірі Атыраудағы «Қайсар» спорт клубының шәкірті Әбілмансұр Батырғали болды.

Ал жақында Азия чемпионатында жеңіп алған «алтынға» байланысты, Әбілмансұр әлемдік рейтингте екінші орынға шығып, осы жазда Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына лицензия алды.


ШАХМАТ

Әлем чемпионы Динара Сәдуақасованың академиясы Атыраудағы АРЕС колледжінде балалар турнирін өткізді. Оған 62 жас шахматшы қатысты.

10 жасқа дейінгі жас санатында ұлдар арасында Аристарх Тарасов, қыздар арасында Арайлым Аренова; 12 жасқа дейін - тиісінше, Әмірхан Әлихан және Саида Саламатова бірінші орынды иеленді. 


КҮРЕС


Бухарестте еркін күрестен жастар халықаралық турнирі өтті.

61 кг дейінгі салмақта Атырау спортшысы, жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Талғат Сырбас қола алқа жеңіп алды. Оны Аслан Жаманбаев пен Нәсіпқали Қаукенов жаттықтырады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 маусым 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.