Атырау, 22 желтоқсан 19:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Астанада дәрігерлер тағы бір баланың менингококк инфекциясын жұқтырғанын растады

2 256 рет қаралды


6 маусымдағы жағдай бойынша Астананың балалар жұқпалы ауруханасында менингитпен екі бала жатыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Сәуле Нұрашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ауруханаға 29 мамырда түскен бірінші баланың жағдайы жақсы, бала анасымен, қажетті ем алып жатыр. Ал 4 маусымда түскен балаға диагноз қойылды: менингококк инфекциясы. Жағдайы тұрақты, ем алып жатыр", - деді дәрігер. 

Еске сала кетейік, 4 маусымда Астанада екі жасар бала менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын.

 "Ұл бала, 2 жыл 1 айлық, менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпелер жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр", - деген еді дәрігер. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 13 адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 маусым 2018, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.