Атырау, 12 қаңтар 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды

3 062 рет қаралды


ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстары бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант,  PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген. 

Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн. Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

Дереккөз: inform.kz

6 маусым 2018, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.