Атырау, 15 мамыр 04:21
 ашықВ Атырау +30
$ 428.71
€ 519.12
₽ 5.79

​Жас жігітті көлікпен қағып өлтіру оқиғасы: Өскемен әкімі қызметінен уақытша босатылды

1 083 просмотра


Риддердегі адам өлімімен аяқталған көлік апатына қатысы бар делінген Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев алғаш рет осы оқиға бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Мен аталмыш қайғылы оқиғаның куәгері болдым. Орын алған оқиғаға қатты қайғырдым, марқұмың туысқандарына көңіл айтамын. Қазір осы іске қатысты мұқият тексеру жүріп жатыр. Тексеру басталғаннан бері полиция қызметкерлерін апаттың барлық қырын ашуға атсалысып келемін. Мен де шындықтың анықталуына мүдделімін. Сонымен бірге, менен тергеу-тексеру  жұмыстарының деректерін жария етпеу туралы қолхат алынған» - делінген мәлімдемеде. 

Ал елдің көкейіндегі сауалдарға ол іс сотта қаралған соң жауап беретінін айтты. 

«Мемлекет қызметшісі облыс орталығының басшысы бола отырып, менің әрбір әрекетім әуелі мемлекет мүддесіне және қоғамның сенімін нығайтуға ықпал етуі керектігін айтқым келеді. Өз әрекеттерім арқылы өзім куәгер ретінде қатысатын сот процесінің алдында қоғам тарапынан сын туғызғым келмейді. Сондықтан, осы аралықта жалақысыз еңбек демалысын алу туралы шешім қабылдадым. Сот жұмысы аяқталғанша қызметте болмаймын», - деді Қуат Тұмабаев.  

Аталмыш аралықта қала әкімінің міндетін орынбасары Ольга Булавкина атқармақ. 

Дереккөз: inform.kz

6 маусым 2018, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.