Атырау, 28 наурыз 05:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Оралда екі полицей ұсталды

2 194 рет қаралды


Оралда екі полицей ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.  

"Оралда ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, 240 мың теңгесін алған ІІБ-ның екі лауазымды тұлғасын ұстады", - дейді ІІМ өкілі. 

ІІМ өкілі бұл істі тергеу ең тәжірибелі тергеушіге тапсырылғанын атап өтті.  

Сонымен қатар, ол Шымкентте ЖШС-лардың бірінің менеджерінен 15 миллион теңгесін тартып алмақ болғанда көмекке келген жұмысшыны пышақпен жаралаған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады.  

Сонымен бірге, Алматыда Қарағанды облысы ІІД-нің жедел қызметкерлері биыл сәуірде ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған қарағандылықты ұстады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

6 маусым 2018, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.