Атырау, 24 сәуір 17:38
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Головкин 2017 жылы 25 миллион доллар табыс тапты

1 763 просмотра


Forbes басылымы 2017 жылы ең жоғары жалақы алған 100 спортшының тізімін жариялады.

Бірінші орынды сөзсіз кіші Флойд Мэйвезер иеленді, ол Конор МакГрегормен кездесуде 285 миллион долларды банктік шотына толтырды. Ал, ирландиялық спортшы  99 миллион доллар табыспен төртінші қатарда. Оның 85-і - Мейвезермен жұдырықтасу кезінде түскен гонорар.

«Реал Мадрид» шабуылшысы Криштиану Роналдо 108 миллион табыс үздік үштікті жапты. 

Геннадий Головкиннің табысы 25 миллион долларды құрап, осы тізімде 72-ші орынды иемденген. Ал, оның қарсыласы, мексикалық боксшы Сауль Альварес 44,5 миллион долллар табысымен 15-ші орынға жайғасты.

Тізімге енген жүздіктің жалпы табысы 3 миллиард 800 миллион долларды құрап отыр, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары.

Алғашқы ондық тізімі мынадай:

1. Флойд Мэйуэзер - 285 млн доллар

2. Лионель Месси - 111 миллион

3. Криштиану Роналду - 108 миллион

4. Конор Макгрегор - 99 млн

5. Неймар - 90 миллион

6. Леброн Джеймс - 85,5 миллион

7. Роджер Федерер - 77,2 миллион

8. Стефен Карри - 76,9 миллион

9. Мэтт Райан - 67,3 млн

10. Мэтью Стаффорд - 59,5 миллион адам

..12. Льюис Хэмилтон – 51 млн

...15. Сауль Альварес – 44.5 млн

...72. Геннадий Головкин – 25 млн

Дереккөз: prosports.kz

6 маусым 2018, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.