Атырау, 27 сәуір 23:45
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Астанада екі жасар бала менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

1 822 просмотра


Астанада екі жасар бала менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл мәліметті Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұл бала, 2 жыл 1 айлық, менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпелер жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Сәдуақасов. 

Сондай-ақ, ол баланың ұзақ уақыт бойы Ақмола облысы Аршалын ауданындағы ауылда тұрғанын айтып өтті. 

"Ол тек ата-анасымен байланыста болды. Қазір барлығын тексеріп жатырмыз", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 13 адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 маусым 2018, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.