Атырау, 22 қыркүйек 17:41
Кешке ашық+16, түнде +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

​Тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі қысқармайды - Елжан Біртанов

5 маусым 14:31


ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімінің қысқаратыны туралы қаңқу сөздерді теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тізімнен шығарылатын аурулар ерекше динамикалық бақылауды қажет ететін сырқаттар тізіміне енгізіледі. Министрлік мұндай аурулардың нақты тізімі мен оған қажетті тегін дәрі-дәрмекті анықтайды. 

«Ел тұрғындарының, әсіресе созылмалы аурумен ауыратындардың алаңдауына негіз жоқ. Керісінше, министрлік науқастардың сенімді бақылауда болып, тиісті дәрі-дәрмегін алып тұруы үшін емхана секторының рөлін күшейткісі келеді. Диабет пен өзге де маңызды аурулар ерекше динамикалық бақылауды қажет ететін сырқаттар тізіміне енгізіледі. Бұл аурулардың нақты тізімі, саны, консультациялар мен диагностикалық зерттеулер жиілігі және оларға тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі анықталады", - деп жауап берді Елжан Біртанов ҚР Үкіметінде журналистер сұрағына.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

251 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Біртанов стоматологияда көз жұмған баланың өліміне қатысты түсініктеме берді  539 рет қаралды

​Тегін дәрілерді ақшаға сату фактілері бар - Ерболат Досаев  438 рет қаралды

Тегін дәрі-дәрмектер туралы ақпаратты онлайн түрде көруге болады  621 рет қаралды

Сара Оразова: Дәрі-дәрмек бағалары бақылауға алынады  995 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6