Атырау, 27 сәуір 20:51
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Қазақша түсінбей отырсың ба?». Сенаторға қаржы вице-министрінің әрекеті ұнамай қалды

2 131 просмотра


ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің отырысында депутат Ерболат Мұқаев қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловқа ашуланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Комитет отырысында бюджет қаржысын тиімді игеру мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдардың басшылары өз есептерін беріп, депутаттардың сұрағына жауап берген соң, сенатор Ерболат Мұқаев отырыстағы соңғы есепті оқыды.

«Үкіметтің есебі және есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша қорытындысын талқылау бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асты. Парламент Сенатының қабырғасында қаржы министрлігі мен есеп комитеті өз таныстырмаларын өткізді. 5 жұмыс тобының отырысы өткізілді», - деді ол.

Алайда депутатқа қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың жиындағы әрекеті ұнамай қалса керек, Ерболат Мұқаев бірден өз ойын ашық айтты.

«Берік Шолпанқұлұлы, қазақшқа түсінбей отырсың ба? Енді, не істеп отырсың? Или тебе не интересно слушать на государственным языке?», - деді Ерболат Мұқаев.

Қаржы вице-министрі сенатордың сұрағына жауап берген жоқ. Кейін депутат өз есебін жалғастырды.

Дереккөз: Baq.kz

5 маусым 2018, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.