Атырау, 29 сәуір 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

​Қазақстанда доллардың үлесі азайып келеді -Ұлттық банк

1 808 рет қаралды


Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Қазақстанның алтын-валюта қорының жағдайы туралы айтып берді, деп хаюбарлайды ҚазАқпарат

«Биылғы бес айда алдын ала мәліметтер бойыша Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1,4 пайызға өсті. Халықаралық резервтер Ұлттық қор активтерін қоса есептегенде 90,4 млрд АҚШ долларын құрады», - деді А. Ахметов. 

Сонымен қатар ол елімізде долларсыздану процесі жалғасып келе жатқанын атап өтті. 

«Ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуірде 2,3 пайызға немесе 9,4 трлн теңгеге дейін өсті. Ал шетел валютасында 8 пайызға, яғни 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жыл басынан бері шетел валютасындағы салымдар 47-ден 45 пайызға дейін азайды», - деді ҰБ өкілі.

Дереккөз: inform.kz

5 маусым 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.