
Жігіт ауруханаға өте ауыр хәлде түскен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Талдықорғанда медициналық колледждің он жеті жастағы студенті менингиттен қаза тапты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.
Жас жігіт дүйсенбі 4 маусым күні Талдықорғанның жұқпалы аурулар емханасына түскен.
"Түскен кезде өте ауыр хәлде болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кешкі алты жарым кезінде көз жұмды", — деп хабарлады Жүкел.
Қазақстанда менингит ауруын жұқтырған алпыс науқас тіркелді. Бұдан бұрын хабарланғандай, дерт салдарынан он екі адам көз жұмған, олардың бесеуі – 14 жасқа толмаған балалар. Менингиттен қаза тапқандардың басым көпшілігі Алматыдан.
Қазақстанда менингитке қарсы екпені ақылы жасатуға болады: бағасы Алматыда 22 мың 500 теңгеден басталып, Астанада 28 мың теңгеге дейін жетеді.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау 0