Көрнекі сурет2 маусымда сағат 12.35-те Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан соғысснарядына ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлама түсті. Оны мұнай астанасының Самал ықшамауданындағыөзінің жер учаскесіне құм төккен кезде учаске иесі тауып алыпты.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, арнайы іс-шаралар барысында қауіпті заттың Ұлы Отан соғысының артиллериялық снаряды екенін анықталды. Ұзындығы 38 және диаметрі 11 см болатын оқ-дәріні тот басып қалған.
- Сағат 14.38-де ІІД-нің «Арлан» саперлік тобы снарядты полигонда жару арқылы жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарланады ТЖД ақпаратында.