Атырау, 22 желтоқсан 12:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев ​Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

1 384 рет қаралды


Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және  өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі мемлекет арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

4 маусым 2018, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.