Атырау, 22 желтоқсан 18:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жомарт Ертаевты экстрадициялау мәселесi шешiлiп жатыр — Ұлттық бюро

1 586 рет қаралды


Қазiргi таңда Bank RBK АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшiсi Жомарт Ертаевты экстрадициялау мәселесi шешiлiп жатыр. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағали айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Күдiктi Ертаевқа қатысты айтсақ, оның Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында ұсталғанын бiлесiздер. Ол РБК Банкiнiң қаржысын жымқырды деген күдiктi санатында. Қазiргi таңда оған қатысты экстрадициялау рәсiмдерi жүргiзiлiп жатыр. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесi шешiлiп жатыр», - дедi Жұмағали.

Ұлттық бюроның мәлiметiнше, аталған мәселенi құзырлы органдар, яғни Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы шешiп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейiн Bank RBK АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшiсi Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын сұраған болатын. Қазiр Ертаев үй қамақта отыр.

Дереккөз: Baq.kz

4 маусым 2018, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.