Атырау, 3 наурыз 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

​Алматы облысында 12 турист отырған көлік аударылды

2 161 рет қаралды


Алматы облысының ТЖД жедел-құтқару тобы Алматы облысында туристер отырған көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық жедел-құтқару тобына сілтеме жасап.  

Оқиға Текелі маңындағы Черкасай шатқалында болған. 12 адам отырған ГАЗ-66 маркалы көлігі аударылып қалған, олардың ішінде төрт адам ауыр жағдайда жатыр. ТЖ туралы ақпарат 2018 жылдың 3 маусымында сағат 15:30-да келіп түскен.

"15:40-та жедел-құтқару тобының жеті қызметкері КамАЗ-Нефаз көлігімен оқиға орнына жедел аттанды. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді, ары қарай оларға дәрігерлер білікті медициналық көмек көрсету үшін Текелі қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Дереккөз: tengrinews.kz

4 маусым 2018, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.