Атырау, 19 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Биыл Қазақстанда менингиттен қанша адам қайтыс болды?

2 144 просмотра


Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адам қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"12 адам қайтыс болды. Осы дертке шалдыққан 14 жасқа дейін 18 бала тіркелді. Қайтыс болған бес баланың жасы 4-ке де толмаған", - деді министр брифинг барысында. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, 2013 жылы бактериалды менингитті жұқтырған 117 жағдай тіркелген, 2014 жылы - 119, ал 2015 жылы - 424 жағдай, 2016 жылы - 120, 2017 жылы - 162 жағдай тіркелген. "2013 жылы осы инфекциядан 18 адам қайтыс болды, 2014 жылы - 15 адам, 2015 жылы - 21, 2016 жылы 7 адам, ал былтыр 11 адам қайтыс болды. Бұл өте қауіпті дерт. (...), - деді министр. 

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 маусым 2018, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.