Атырау, 22 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қызылордада 27 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болды

1 992 рет қаралды


Қызылорданың аудандық ауруханасында 4 маусымға қараған түні менингиттен 27 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғынынан менингокок инфекциясы табылды. Оның жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер қанша тырысқанмен, жас жігіттің өмірін сақтап қала алмады. Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Қаза тапқан жігітпен 15 адам тығыз қарым-қатынас жасаған. Олардың сараптама қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қазір үйлерінде. Бірақ алдағы уақытта дәрігерлер оларды қадағалап отырады», - деді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Ведомство аталған факті бойынша арнайы штаб құрды. Мамандар тұрғындар жаппай менингитпен ауырып алмауы үшін инфекция шыққан аймақта жұмыс істеп жатыр. Ал аудандық аурухананың қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды бастады.

«Менингит ауа-тамшымалы жолмен жұғатынын бәрі біледі. Сондықтан тұрғындар халық көп жиналатын жерде абай болу керек. Жақын арада менингокок инфекциясына қарсы вакцинацияны бастаймыз», - деп қосты Тұрсынбаева.

Дереккөз: Baq.kz

4 маусым 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.