Атырау, 22 желтоқсан 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

1 960 рет қаралды


«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», -деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде. 

Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған  хабарламаға түсініктеме берген.

«WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен  мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізге шақырған.   Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегішындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға  шақырады»,-деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Бұл дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды. 

Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды.  Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.

Дереккөз: inform.kz

3 маусым 2018, 06:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.