Атырау, 22 желтоқсан 19:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астана саябағында бойжеткен аттракционнан құлап кетті

1 725 рет қаралды


Балаларды қорғау күні саябақтағы аттракционның арқаны үзіліп кетті. Астанада орталық саябақтағы аттракциондардың бірінде жас қыз секірген кезде арқан үзіліп кетті.

Бірінші маусымда болған оқиға туралы қала тұрғындарының бірі жазған.

"Орталық саябақтағы рогатка аттрационда жас қыз секірген кезде, арқан үзіліп кетіп, әуелі бойжеткен темірге соғылды да, әуеде салбырап қалды. Бәріміз шошып кеттік!", — деп хабаралды Олеся Крестьянинова Facebook желісіндегі "Астана — Что? Где? Когда?" тобында. 

Әйелдің айтуынша, аттракцион иелері қауіпсіздік техникасын сақтамайды, құлағанда соққыны жұмсартатын төсеніш те жоқ. Ол қала әкімдігінен осы мәселеге назар аударып, қалалық аттракциондарды тексеріп шығуды сұрады.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 маусым 2018, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.