Атырау, 22 желтоқсан 19:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Бұл індет емес - Біртанов Қазақстандағы менингококк жайлы

2 418 рет қаралды


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық өңірді бақылап отырмыз. Таңғы уақыттан бері еліміз бойынша 55 дерек тіркелді. Менингококк инфекциясы ең көп тіркелген өңір - Алматы, онда 31 жағдай тіркелді. Ақмола облысында - 2, Ақтөбеде - 3, Алматы облысында - 3, ШҚО-да - 4, Жамбыл облысында - 1, Қарағандыда - 1, Павлодарда - 2, ОҚО-да - 4, Астанада - 4. Бірақ бұл індет емес," - деп жауап берді министр журналистерге. 

Сондай-ақ, министр ауа райына байланысты мұндай жағдайлардың әлі де тіркелетінін жоққа шығармады. 

"Дүйсенбіде Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және біздің комитеттегілермен бірге осы жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарларды бекіттім. (...), - деді Біртанов. 

Сондықтан министр ата-аналарға балаларымен бірге көп адам жүретін жерлерге бара бермеуге кеңес берді. 

"Мешіттегілерден бөлмені желдетіп тұруларын сұрадық. Сондай-ақ, Мұсылмандар діни басқармасының өкілдеріне студенттерден ораза ұстауды тоқтатуларын сұрауды өтіндік. Себебі ораза кезінде организм өзгереді, иммунитет де өзгереді", - деді ведомство басшысы. 

Мұнымен қоса, Біртанов ораза кезінде саяхаттамауға кеңес берді.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 маусым 2018, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.