Атырау, 17 қазан 00:52
 дождьВ Атырау +19.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Менингит: қымбат екпелер кімге қажет

3 887 рет қаралды


Алматыда менингит ауруы дендеп кетті. Ол жақта ауру жұқтырғандар саны 30-ға жетіп, төрт адам көз жұмды. Бұл Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Ерболат УАЙСОВТЫҢ қатысуымен брифинг өткізуге себеп болды. Оның айтуынша, 2015 жылы Атырауда 9 адам менингитпен науқастанған, соңғы үш жылда ауру тіркелмеген.

- Қазақстанда бұл инфекцияға қарсы тегін вакциналау жүргізілмейді. Қажылыққа баратындарға ақылы түрде егіледі, өйткені Сауд Арабиясында тиісті сертификат талап етеді, - деді Уайсов.

- Біздің облыстағы ахуал қандай?

«АЖ»-ның осы және келесі 3 сұрағына денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Надя ЕРҒАЛИЕВА жауап берді:

- Атырау облысы инфекция ошағы емес. Бірде бір менингит жұқтырған жағдай анықталмады. Бірақ жағдайдың ықтимал өзгеруіне дайынбыз, жұқпалы аурулар ауруханасында осы ауруға шағымданған пациенттер үшін арнайы палаталар ашылған. Дәрі-дәрмектер жеткілікті.

- Диагноз дереу анықтала ма?

- Әдетте сол күні, бірақ толық сенімді болу үшін зертханалық тексеру қажет болуы мүмкін, оған үш күн кетеді. Сырқат анықталса, қарқынды емдеу курсы 14 күнге созылады.

- Алдын-алу тұрғысында тұрғындарға қандай кеңес бересіз?

- Менингит жұқтыру қаупі адамдар көп шоғырланған жерде жоғары болады. Қазір қалай болғанда да көшеге медициналық демпердемен шыққан дұрыс. Жуылмаған жеміс-жидектер пен көкөністерді жеуге болмайды.

- Қоғамдық моншалар мен бассейндерді тексеруді бастадыңыздар ма?

- Атырау – инфекция ошағы емес, сондықтан мұндай тексерулердің қажеті жоқ.

Е. Уайсовқа қойылған «АЖ» сұрақтары:

- Ақылы вакциналау өте қымбат, 35 мың теңге тұрады. Бұл цифрды азайту мүмкіндігі жоқ па?

- Иә, бұл қымбат. Бірақ жағдай жаппай вакциналауды талап етпейді. Бүгінгі күні Атырауда менингит вакцинасының 45 дозасы бар.

- Біз Атырауда инфекцияға қарсы ақылы егетін жалғыз емханаға қоңырау шалдық. Ондағылар вакциналардың тек дүйсенбіде келетінін айтқан еді.

- Бірақ олар бізге есеп берген кезде, өздерінде 45 доза бар екенін айтты.

«AЖ» анықтамасы: Еуропа елдерінің үштен екісі менингококк инфекциясына қарсы вакциналайды, бірақ барлық жерде менингококктың барлық түріне екпейді. Ұлыбританияда, АҚШ пен Австралияда негізгі бес түріне қарсы егеді. Биылғы жылдан бастап Ресейде, негізінен Мәскеуде, 5 жасқа дейінгі балаларды вакциналай бастады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор


31 мамыр 2018, 00:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.