Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан Ресейден бензин тасымалдауға уақытша тыйым салды

2 047 рет қаралды


Мұнай өнімін теміржолмен тасымалдауға үш айға тыйым салынған. Электронды үкімет порталында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Ресейден теміржол арқылы бензин тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрығы жарияланды.

"Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан темржол көлігімен бензин тасымалдауға үш айға тыйым салынсын", — делінген бұйрық мәтінінде.

Құжатта аталып өткендей, энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына хабарлама дайындауы керек, сонымен бірге Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым енгізілгенін бектіліген тәртіппен ескертуі тиіс.

Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

29 мамыр 2018, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.