Атырау, 19 сәуір 10:28
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-тың лицензиясын тоқтатты

2 110 просмотра


"Астана Банкі" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 89 қаулысымен 2018 жылғы 28 мамырдан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейін "Астана Банкі" АҚ-тың (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - делінген хабарламада. 

Бұл шешімді Ұлттық банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдағаны айтылады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ. 

"2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 миллиард теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6 пайызын құрайды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 мамыр 2018, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.