Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Абаев L'Aigle De Patmos Theatre мен "Рухани жаңғыру" логотиптерінің ұқсастығына қатысты пікір білдірді

1 837 рет қаралды


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Рухани жаңғыру" бағдарламасының логотипіне қатысты шыққан дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр мұндай жағдай болатынын күтпегенін айтады. 

"Біз қазір барлығын қарап шығып, сіздерге жауабын айтамыз. Иә, расында да логотиптер бір-біріне ұқсайды, бірақ меніңше, мұнда плагиат жайлы айтылып тұрған жоқ. Осы мәселемен жеке айналысамыз", - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Егор Кочетов есімді Facebook қолданушысы француздардың L'Aigle De Patmos Theatre мен қазақстандық "Рухани жаңғырудың" логотиптері ұқсас екені жайлы айтқан болатын. 

Ол логотип Интернетке 2009 жылы шыққаны анықталды, ал L'Aigle De Patmos Theatre-дың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға бұл логотип 2013 жылы орнатылыпты. 

Логотиптердің ұқсастығы Facebook қолданушылары арасында дау туғызған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 мамыр 2018, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.