Атырау, 3 наурыз 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

​KADEX көрмесіндегі қайғылы оқиға: Полиция қылмыстық іс тергеп жатыр

2 626 рет қаралды


Полиция Аcтанада "KADEX-2018 көрме кешенінің территориясында ер адамның қайтыс болу дерегіне байланысты қылмыстық іс тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"24 мамырда "Каdех - 2018" көрмесінің аумағында болған қайғылы оқиғаға қатысты Астананың ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша іс тергеліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.  

Полиция осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.  2018 жылы 24 мамырда "KADEX-2018" көрмесі кешенінің аумағында қайғылы оқиға болған еді. Қорғаныс министрлігі және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты соққан желдің әсерінен ақпараттық стенд құлаған. Соның нәтижесінде ер адам қайтыс болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 мамыр 2018, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.