Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​​Ресейге келетін шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережесі енгізілді

1 284 рет қаралды


Футболдан әлем біріншілігінің өтуіне байланысты 25 мамырдан 25 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында шетел азаматтарын тіркеудің жаңа талабы қолданылады. 

Қазақстаннан барған азаматтар үш тәуліктің ішінде тіркелуі тиіс. Осы ереже тек футболдан әлем чемпионаты өтетін қалаларға баратындарға ғана қатысты. 

Жанар Колбачаева, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы: 

- Қонақжай немесе шипажайға келетін азаматтар белгілі, олар барлық заң ережелерінен хабардар, бір күннің ішінде келген азаматтарды тіркеп жібереді. Олар арнайы талонмен мөр басып береді. Егер сіз туысқаныңызға келетін болсаңыз, міндетті түрде Ресей Федерациясының азаматы бірге барып, арнайы тіркелетін орындарға РФ Ішкі істер министрлігінің құзырлы органдарына үш күннің ішінде тіркеп береді. Әрбір жергілікті атқарушы орган Ресей Федерациясының қабылдаған заңынан бөлек өздерінің ережесін қолданады. Санкт-Петерборға жеке көлігімен Қазақстаннан келетін азаматтарға шектеу қойылып отыр.

Дереккөз: 24.kz

24 мамыр 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.