Атырау, 16 сәуір 20:27
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Қазақстан аумағында пойыз билеттері арзандауы мүмкін

1 818 просмотра


Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  пойыз билеттері құнын төмендету үшін елімізде қандай шаралар қабылданып жатқандығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстанда inDriver мен Яндекс Такси жүйелеріне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілуде Петропавлда автокөлік аударылды Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін қатынайды

«Осындай тәжірибе негізінен авиация  саласында пайдаланылып келеді. Бұл тұрғыда топтасып билеттерді сатып алуға болады, сондай-ақ осы билеттерді алдын алу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге билеттер құнына тиісті деңгейде жеңілдіктер жасалады. Теміржолда тек өткен жылы ғана бұл процесс екі немесе үш бағдар бойынша іске қосылды», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Осы орайда ол аталған тәжірибе қазіргі кезде эксперименттік түрде енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Егер де билетті ертерек сатып алсаңыз, онда 25 пайызға дейін жеңілдік болуы мүмкін. Менің білуімше, Алматы-Астана аралығында қанатқақты пойыз бар, сондай-ақ Астанадан оңтүстікке қарай екі бағыт ескерілген. Яғни үш бағдар бойынша қанатқақты түрде бұл процесс жүріп жатыр. Осы тәжірибе жыл соңына дейін өзінің тиімділігін көрсетсе, онда теміржол басшылығы оны барша Қазақстан аумағында енгізу шешімін қабылдайды деп ойлаймын», - деді Жеңіс Қасымбек.

Дереккөз: inform.kz

23 мамыр 2018, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.