ДОЙБЫ
Атырауда абсолютті есепте 100 шаршылық дойбы бойынша қалалық чемпионат өтті.
1-орынды Мұнай және газ университетінің 20 жастағы студенті Мардан Тұрсынханов, 2-орынды Азия чемпионатының жүлдегері, қала маңындағы Ақсай ауылынан 12 жасар Бекарыс Жұмалиев, 3-орынды - оның қарындасы, 64 шаршылық дойбы бойынша ҚР чемпионы Данагүл Жұмалиева иеленді.
***
БОКС
Астанада өткен ел чемпионатында Атырау спортшылары екі жүлделі орынға ие болды: Назым Ищанова 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс алқа және Шынар Юлдашева - 69 кг дейінгі салмақта қола алқа алды.
Елордадағы чемпионаттан кейін жаттықтырушылар кеңесі өтті, онда Қазақстанда бірнеше табысты жылдан кейінгі әйелдер боксының дамуы баяулағаны айтылды. Бұл жолы ел чемпионатына 76 спортшы келді, ал 2017 жылы олардың 86-сы болатын.
Ұлттық әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюктің айтуынша, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында әйелдер боксы дамымаған.
- Бұл бокс - шамалы, - деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, жаттықтырушылар кеңесінің басшысы Юрий Цхай. - Мен отставкаға кетуге дайынмын, бірақ қазір мәселе әйелдер боксы бойынша біздің жаттықтырушыларымызда. Ешкім үйренгісі келмейді. Сіздер төрелік ету мәселесін шешейік, мынау кедергі, анау кедергі дейсіздер, бірақ басты проблема - жаттықтырушыларда, алдымен өздеріңізден бастаңыздар.
***
ЖҮЗУ
Таразда жүзу бойынша өткен ел чемпионатында Атырау параолимпиадашылары сәтті өнер көрсетті. Облыс құрамасының қоржынына 9 алтын алқа салынды.
Олардың үшеуі 50 және 100 метр қашықтықта құлаштап жүзуден, 50 метрлік баттерфляй әдісімен жүзуден жеңімпаз атанған Ержан Сәлімгереевтің еншісінде. Тағы үш алтын алқаны 100 метрлік баттерфляй, 200 метрлік кешенді жүзу және 400 метрлік құлаштап жүзу бойынша Екатерина Обратнова әкелді. Ал қалған үшеуі Дмитрий Лидің үлесінде: 200 метрлік кешенді жүзу, 400 метрлік құлаштап жүзу және 100 метрге шалқалап жүзу.
Сайыстың дебютанттары Асхат Махамбет пен Фараби Самаликов та жақсы өнер көрсетіп, қола алқаға сәл жетпей қалды. Команданы Нұрлан Жұмағазиев пен Ақынбек Бауыржан жаттықтырады. Маусым айында Ержан мен Дмитрий Германияда өтетін ашық чемпионатқа қатысады.
***
ДЗЮДО
Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен «Атырау» ДСК-де дзюдо бойынша оқушылардың республикалық спартакиадасы өтті.
Турнирге 8 қаладан 200-ден астам бала қатысты. Атырау командасының құрамында Әбілқайыр Ұлықбек, Әбдірахман Мақсат және Дінмұхаммед Шаменов жеңімпаз атанды.
***
МУАЙ-ТАЙ
Мексиканың Канкун қаласында әлемнің 77 елінен спортшылар қатысқан әлем чемпионаты өтті.
Қазақстаннан 13 спортшы қатысып, 7 алқа жеңіп алды. Құрамада 51 келіге дейінгі салмақта күміс алқа алған доссорлық Еламан Саясатов ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық алты қола алқаның біреуін тағы бір доссорлық - 60 кг дейінгі салмақтағы Ишан Ғалиев жеңіп алды.
***
МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ
Қызылордада 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир өтті.
Бұл жерде Атырау спортшылары Жанель Берікова мен Нұрай Мұқан алтын алқамен, Мария Раздобарова - күміс алқамен марапатталды. Жас спортшыларды Айдана Ильясова мен Кристина Прилепко жаттықтырады.
Мәнерлеп сырғанаушылар келесі жылы өтетін ҚР чемпионатына, ҚР Кубогына және халықаралық турнирлерге дайындықты бастап кетті. Өйткені, ең бастысы – ырғақтан жаңылмау керек бапкерлер.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ