Атырау, 29 наурыз 18:30
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Баланың қолын қысып қалған эскалатор толық тексеріледі - Жеңіс Қасымбек

1 307 просмотра


Астанада екі жасар қызды жарақаттаған эскалатор ескі техника емес. Бұл туралы тілшілерге ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Нақты эскалатор бойынша біз толықтай тексереміз. Бұл оқиға бойынша жауапкершілік анықтталады. Эскалаторларды жөндеу мерзімі техниканың типіне, техниканы пайдалану мерзіміне байланысты болады. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, бұл техника ескі емес. Оны пайдалану тәртібі бастапқыда болған құжатнама аясында іске асырылған», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астананың Орталық базарындағы эскалаторда екі жасар қыздың қолы қысылып қалды.  Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кетті. 

Аурухананың қабылдау бөлімінде баланы мамандар қарап шықты. Екі қолындағы жарақатына бастапқы-хирургиялық өңдеу жасалды, гипспен таңылды. Бұған дейін Орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.

Дереккөз: inform.kz

23 мамыр 2018, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.