Атырау, 3 наурыз 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

​Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті

2 056 рет қаралды


Астана әуежайында Airbus-320 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.  

"Бүгін Астана әуежайында Эйр Астана әуекомпаниясының KS352 рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды", - делінген хабарламада. 

Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 мамыр 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.