Атырау, 23 сәуір 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​ҰБТ нәтижесі бойынша мектеп директорлары жазаланбайды

2 331 просмотра


ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша мектептердің арасында рейтинг жүргізбейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Осы жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілер саны 102 442 немесе жалпы мектеп бітірушілер санының 70 пайызын құрайды. Оның ішінде 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ҰБТ-ға жазылған түлектердің жалпы саны 10 мыңға өсіп отыр. ҰБТ-ға баратын балалардың үлесі 70 пайыз болып қалды және қазақ тілінде тапсыратын балалардың саны 5 пайызға артты», - деді министр. 

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы бітірушілерге алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі берілгендігін еске салды. 

«Министрлік ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жүргізбейді. Сондай-ақ әкімдердің назарына ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті жерлерде жазалау шараларының қабылданбау қажеттігін арнайы ескерткіміз келеді», - деді Ерлан Сағадиев. 

Сонымен қатар оның айтуынша, бітірушілердің ҰБТ-ға дайындығы үшін сынама-онлайн тестілердің функционалы жақсарған.

«Енді оны үйде де өтуге болады. Бүгінгі күнге дейін 145 мың рет онлайн тест тапсырылған. Сонымен қатар мектептердің сұранысы бойынша аймақтарда сынақ тестілері қағаз түрінде 390  мың рет алынды. Бұған қоса, мектептер 185 мың сынама кітапшаларды сұрап отыр. Осылайша, ағымдағы жылы әр бітіруші орташа есеппен 7 рет сынақ түріндегі тестілеуден өтеді», - деді министр.  

Дереккөз: inform.kz

22 мамыр 2018, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.