Атырау, 28 наурыз 19:08
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Қазақстан батып кеткен кемелерді жою конвенциясына қосылуға ниетті

1 240 просмотра


ҚР ИДМ Көлік комитеті батып кеткен кемелерді жою жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылу жұмыстарын атқарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында батып кеткен шетел кемелерін шығару мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осындай екі кеме бар». 

ҚР үшін бұл Конвенция Каспийде, соның ішінде ерекше экономикалық аймақта батып кеткен кемелерді жою жөніндегі мәселелерді басқа елдермен реттеуге негіз болады.  

Конвенцияны ратификациялау: 

- Батып кеткен немесе қайраңға тұрып қалған кеме мен оның бөлшектерін және жүктерді уақытылы жою үшін кеме иесінің жауапкершілігін қаржылық қамтамасыз етуді бекіту; 

- Батып кеткен кемелерді жою үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе басқа қаржылық қамтамасыз етулер жөніндегі куәліктің кеме бортында болу қажеттілігін бекіту;

- Сақтандыру компаниясынан тікелей шығындарды өтеу талаптарын қою құқығын Қазақстанға беру.   

«Комитет мүдделі мемлекеттік органдармен Конвенцияны ратификациялаудың мақсатқа сәйкестігін келісуде. Ғылыми-құқықтық экспертизаның оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта ҚР Заңнама институты ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізіп жатыр», - делінген министрлік хабарламасында. 

Дереккөз: inform.kz

22 мамыр 2018, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.