Атырау, 18 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Америкадан екі астронавт әйел Байқоңырға келді

1 733 просмотра


Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның 56/57 экипаждары ұшу алдындағы соңғы дайындыққа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың 19 мамырында «Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кеменің негізгі және қосалқы экипаждарының ғарышкерлері мен астронавтары Байқоңырға келіп, ғарыш айлағындағы жаттығуларға кірісті.

 


Ғарыш айлағы мен кәсіпорындар басшылығы «Крайний» әуежайында Союз МС-09» ТБК негізгі экипажын - ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьевті, германиялық Александр Герстті және америкалық Серина Ауньен -Ченселлорды және дублерлері - ресейлік Олег Коненко, америкалық Энн Маклейн және канадалық Давид Сен-Жакты күтіп алды. Екі аптадан астам уақыт бойы олар Байқоңырдың 17 алаңындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығында ұшуға дайындалады. 

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандардың бақылауында ғарышкерлер мен астронавтар  «Сокол» скафандрын киіп көреді және ғарыш кемесінің ішінде скафандрмен жұмыс істеп көреді. 

«Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кемесі 2018 жылдың 6 маусымында 17 сағат 12 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңқайынан («Гагаринский старт») ұшырылады.

Дереккөз: inform.kz

21 мамыр 2018, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.