Атырау, 23 желтоқсан 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстандық Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

Бейнежазба
2 153 рет қаралды


Қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. 

"Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.


Дереккөз: tengrinews.kz

20 мамыр 2018, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.