Атырау, 19 сәуір 05:11
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​«7-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады

1 888 просмотра


ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «7-20-25» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске қосылу мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айтуынша, аталған бағдарламаны 2018 жылдың шілде айында қосу жоспарланып отыр. 

«Ағымдағы жылдың шілде айында бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз. Сәуір айында Ұлттық банк басқармасы «Баспана» ипотекалық ұйымын құрды, қазір тіркеу рәсімінен өтіп жатыр. Мамыр айында бағдарламаның негізгі шарттары заңнамалық түзетулермен сәйкестендіріледі және шілде айында баспана беру жұмыстары басталады», - деді Олег Смоляков Сенатта өткен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру барысына арналған дөңгелек үстелде. 

Ұлттық банк өкілі бағдарламаның табысты жүзеге асатынын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген елдерде ипотека 7 процентпен беріледі және қарыз алушылар өз табыстарына сәйкес, несиені қиындықсыз өтей алады.

Дереккөз: inform.kz

18 мамыр 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.