Атырау, 23 желтоқсан 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстан ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылады

1 572 рет қаралды


Халықаралық футбол қауымдастығының ресми сайтында 17 мамыр күні жаңартылған рейтингте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы екі сатыға жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан құрамасы соңғы айда ешқандай ойын өткізбесе де, ФИФА рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 117 орынға шыққан. 

Станимир Стойлов командасы наурыз айында Венгрия (3:1) және Болгария (1:2) құрамаларымен жолыққан болатын. Біздің футболшылардың келесі ойыны 5 маусым күні «Астана Арена» стадионында Әзірбайжан құрамасына қарсы өтеді. Әзербайжан құрамасы жаңа рейтингте - 126 орында тұр. 

ФИФА рейтингі. 17 мамыр: 

1 (1). Германия - 1544 ұпай,

2 (2). Бразилия - 1384, 

3 (3). Бельгия - 1346, 

4 (4). Португалия - 1306, 

5 (5). Аргентина - 1254, 

6 (6). Швейцария - 1179, 

7 (7). Франция - 1166, 

8 (8). Испания - 1162, 

9 (9). Чили - 1146, 

10 (10). Польша - 1128, 

117 (119). Қазақстан - 273


Дереккөз: inform.kz

18 мамыр 2018, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.