Атырау, 23 желтоқсан 00:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандық жігіт Эверест шыңын бағындырды

1 890 рет қаралды


Қазақстандық альпинист әлемнің ең биік нүктесіне бірінші рет шыққан жоқ, биыл ол жаңа бағдармен барды. Танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Эверест шыңын бағындырды.

"Бүгін таңертең Мақсұт Жұмаев пен оның достары әлемнің ең биік шыңы – Эверестке шықты. Құттықтаймыз! Шыңға оңтүстік жақтан шыққан, бәрі жоспарға сай. Жарайсыңдар!", — делінген шыңға шығуға арналған сайтта.

2007 жылы Жұмаев Эверестке солтүстік жақтан шыққан болатын. Ол осы жолғы саяхатының барысын үнемі әлеуметтік желіде жариялап отырды.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 мамыр 2018, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.